АҚШ әскерилері – СҚО-да

«Жаһандық ядролық қауіпсіздік» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысына Астана қаласындағы АҚШ Елшілігінің жанындағы АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігінің өкілдері келді.
АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігінің бөлім директоры, подполковник Колдер Стивен Ричард және оның әріптестері Полиция департаментінде болды. Қонақтарға мұражай және Жедел басқару орталығының жұмысы көрсетілді.
Қазақстандық полицияның құрылу тарихымен танысқан әскери қонақтар ерекше әсерге бөленді. «…Әр дәуірден сыр шертетін экспонаттардың тұпнұсқасы, олардың сипаттамасы, орайластыра орналастырылған экспозициялар тарихқа деген құрметті көрсетеді. Қызмет атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерге, Екінші дүниежүзілік соғысты мәңгі есте сақтауға ерекше көңіл бөлінген. Сіздердің мұражайыңыз және оны сақтаушылар ел тарихы туралы естеліктерді сақтауға елеулі үлес қосатынын көрдік…», – деп атап өтті Колдер Стивен Ричард. Ол алған әсерін пікір қалдыру кітабында: «…тарихтан әсер алатын мұражайда болу – біз үшін зор құрмет. Петропавл полициясы қоғамға және елге жоғары деңгейде қызмет көрсетуде. Біз зор құрметпен шынайы тілектерімізді білдіреміз…», – деп жазды.
Шетелдік қонақтар Жедел басқару орталығында облыс аумағындағы бейнебақылау жүйесінің жұмысымен танысты. СҚО полиция учаскелеріне 1140 аса камера орнатылған, оның ішінде 140 камера Петропавл қаласында жұмыс істеп тұр. Бір бөлігі қызмет көрсететін аумақта учаскелік инспекторлардың жұмысына ыңғайлы болу үшін 13 учаскелік полиция пунктіне тікелей қосылған. Қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудың маңызды бөлігінің бірі – қала мектептері мен ауруханаларда камералар орнату және оны ЖБО режиміне қосу болып табылды. Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов Солтүстік Қазақстанға келген шетелдік қонақтардың полиция ведомствосында болуы, келуі –екі тараптың мақсатының бірі екендігін білдіретінін атап өтті. Олар ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының басшылығымен кездесуді жоспарлап отыр.

СҚОПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*