Жылыжай жеміс беріп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінде шағын және орта бизнес субъектілерін тарту және ашылған өндірістерді кеңейту бойынша жұмыстар сәтті шешімін табуда.
2018 жылдың мамыр айынан бастап ЕС-164/6 мекемесіндегі «Шмагнова Е.Г.» жеке кәсіпкерлігі тротуар плиткасын, шлакоблоктарды дайындау, жиһаз құрастыру бойынша өз өндірісін ашты. Жазғы кезеңде кәсіпкер үлкен жұмыс атқарды, жылыжайды толығымен қалпына келтірді, поликарбонатпен қаптады, жылыту және суық су жүргізілді. Қара топырақ әкелініп, қораптар қаңқалары дайындалды. Бұл жерде жыл бойы өсіруге арналған көкөністер (қызанақ, қияр, пияз, ақжелкен) отырғызылды. Цитрустық дақылдар – лимондар да өсірілуде. Бүгінде раушан гүлдерін отырғызу мәселесі қарастырылуда. Алғашқы нәтижелер де жаман емес. Жасыл пияз, қияр жиналды, қызанақ пісіп келеді.
Қазіргі уақытта жеке кәсіпкер шағын тігін учаскесін ашып, онда төрт сотталған шарф, палантин, шұлық, гетр, балалар пинеткасы және басқа да киім-кешектерді тоқып жатыр. «Шмагнова Е.Г.» ЖК-не жұмысқа орналастырылған сотталғандардың жалпы саны 14 адам.
Елена Шмагнова сотталғандарға тек талап-арыздарды өтеуге ғана емес, сонымен қатар, өзінің туған-туысқандары мен жақындарына ақша аударымдарын жасауға да көмектесуге, сондай-ақ, жазасын өтеген сотталғандардың қалауы бойынша босатылғаннан кейін жұмысқа орналасуларына мүмкіндік бермек.

Сергей САУЛОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*