Мәжіліс депутаттары Павлодарда

Павлодар облысы Полиция департаментінде Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесу өтті.
Шараға Мәжілістің заңнама және сот-құқық реформасы бойынша комитет мүшесі Наринэ Микаелян мен Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов қатысты.
Кездесу барысында департамент бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров облыстағы криминогенді жағдайға және қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыспен күресте қолданылып жатқан шараларға тоқтала отырып, жалпы тіркелген құқық бұзушылық саны 7,3%-ға, оның ішінде ауыр қылмыс 17%-ға төмендегенін атап кетті.
Депутаттар Елбасы Жолдауының аясында халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша шаралар, заңнамалардағы өзгерістер мен жаңалықтар туралы сөз етті. Құқық қорғау органдарын реформалаумен және қызметтің «сервистік» моделіне ауысуымен байланысты Елбасы тапсырмаларының негізгі критерийлерін атады.
Кездесу кезінде қолданыстағы заңнама бойынша ұсыныстар мен әртүрлі мәселелер талқыланды, олардың көбі тергеу және анықтау органдарына қатысты. Полицейлер ҚК 68-бабы 4-бөлімінде «жақын туыстарын» «жолдасы-жұбайы» бөлігімен толықтыруды ұсынды.
ӘҚБК 526-бабында мерзімдер бөлігінде 3 күндік мерзім жеткіліксіз, себебі күдіктіні іздестіруде, сараптама тағайындау және қорытындыларына уақыттың көп кететіні тәжірибеде дәлелденгенін атап кетті.
Сонымен қатар, әкімшілік заңнама бойынша да бірнеше мәселе талқыланды. ӘҚБК 196, 334, 608-баптарына қатысты да тәртіп сақшылар осы баптар бойынша кінәлі адамның жпауапкершілігін қайта қарауды ұсынды. Кездесу барысында басқа да ұсыныстар жасалынды.
Шара соңында халық қалаулылары заңдылықты қатаң сақтауға, алдын алу жұмыстарының маңыздылығына, халық алдында тәртіп сақшыларының жауапкершілігіне тоқтала отырып, алдағы жұмыстарына үлкен табыс тіледі.
Кейін Мәжіліс депутаттары Жергілікті полиция басқармасына барды.

 

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*