Парақорлық пайда әпермейді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу мақсатында жедел кеңес өтті.
Шараға Қызылорда облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкері, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Өзіндік қауіпсіздік және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру топтарының қызметкерлері, РМК «Еңбек-Қызылорда» филиалының директоры, ЗК-169/4, 5 мекемелерінің бастықтары, осы мекемелердің мекеме бастықтарының жалпы сұрақтары жөніндегі орынбасарлары, ЗК-169/4,5 мекемелерінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімше (топ) қызметкерлері, ЗК-169/4,5 мекемелерінің сотталғандарын жұмыспен қамтамасыз етіп отырған ЖК, ЖШС кәсіпорындарының басшылары қатысты.
Жедел кеңес отырысын облыстық ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Ж. Әбдіқайыров ашып, күн тәртібімен таныстырып өтті. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы, әділет майоры А. Абжалиева ҚАЖ комитетінің нұсқау талаптарымен таныстырып өтті. Яғни, ақы төленетін жұмыстарға сотталғандарды жұмысқа орналастыру мәселесін шешу кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу және заңдылықты сақтау, шағын және орта бизнес өкілдерін мекемелер аумағындағы өндірістік учаскелерге орналастыру кезінде ҚАЖ қызметкерлері тарапынан лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және парақорлық фактілерінің орын алуы туралы баяндады. Қазіргі таңда ЗК-169/5 мекемесінде барлығы 10 кәсіпкер мекеменің өндірістік аймағында жұмыс істеуде (тігін цехы, газоблок цехы, брусчатка, мүсін цехы, қолөнер цехтары, дәнекерлеу цехтары) және онда орта есеппен 172 сотталған жұмысқа орналастырылды.
Өңіріміздегі кәсіпкерлік субъектілермен ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтейтін сотталғандарды жұмысқа орналастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, ЗК-169/4 мекемесінің 50 сотталғаны «Алтайтрансойл» ЖШС, «Интергосстрой» ЖШС, «Полимерпродукт» ЖШС, «ПСК-Саулет» ЖШС-де жұмысқа орналастырылған.
ЗК-169/5 мекемесі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы, әділет майоры Е. Сон өз баяндамасында мекеме аумағында кәсіпкерлікті ашып, жүргізу жұмыстарына тоқталып кетті. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Өзіндік қауіпсіздік тобының жедел уәкілі, әділет аға лейтенанты Қ. Жұмабеков заңнамадағы көзделген шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар, пара беру немесе пара алу кезіндегі жауапкершілікпен таныстырып шықты.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*