Қылмыстық саясат мәселелері

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының қызметкерлері Қазақстан Республикасының ғылым және техника саласына еңбегі сіңген қайраткер, заң ғылымдарының докторы, профессор Елеген Ізтілеуұлы Қайыржановты еске алуға арналған «Қылмыстық саясаттың қазіргі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Конференцияның ұйымдастырушылары мен серіктестері – Парламент Мәжілісінің заңдары мен сот реформасы мәселелері бойынша комитеті, «Нұр Отан» партиясының жанындағы құқықтық кеңесі, Орал мемлекеттік заң университеті (Екатеринбург, Ресей Федерациясы), Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалы, «Заң ғылымын және тәжірибесін дамыту орталығы» қоғамдық қоры өкілдері конференцияда сөз сөйледі.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Германия Федеративтік Республикасының жетекші ғалымдары, сонымен қатар, Парламентінің депутаттары, мемлекеттік және құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, профессор Е.Қайыржановтың оқушылары мен қызметтестері қатысты.
Конференция қонақтары профессор Е.Қайыржановтың кеңестік және посткеңестік кезеңдердегі Қазақстанның қылмыстық заңнамасын әзірлеуде ғылымға қосқан үлесіне жоғары баға берді.
Шара барысында ұлттық қылмыстық саясат перспективаларының мәселелері қаралды. Қылмыстық-құқықтық қорғаудың адам тегі және тектік ақпарат сияқты жаңа объектілерін қорғау мәселелері талқыланды. Қатысушылар генетика және биология ғылымын дамыту криминологтар мен заң шығарушылардың кейбір процестерге назар аударуын қажет ететінін атап өтті.
Пікірталасқа қатысушылар қазіргі қылмыстық саясат нақты әлеуметтік процестерге бағдарлану қажет, соның ішінде жаңа деструктивті қауіп-қатерлерге, оңтайлы инновациялық саяси және құқықтық технологияларды қалыптастыруға, конституциялықты, адалдық, қылмыспен күресу үдерістерінің тиімділігі мен бірлігін қамтамасыз етуге бағытталу керек деген қорытындыға келді.
Конференция барысында сындарлы сұхбат өтіп, аудиториямен кері байланыс жүргізілді, яғни тыңдаушылар баяндамашыларға көптеген сұрақтар қойып, толық жауап алды.
Мұндай іс-шаралар жаңа білімдермен толықтырылып, ғылыми шындықты іздестіруге, пікір алмасуға, заң ғылымының теориясы мен практикасын тиімді өзара әрекеттесуге және толықтыруға ықпал етеді.

Г. АЙТМАҒАНБЕТОВА, Қостанай қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*