Облыс құрамасы жасақталды

2 ақпанда Орал қаласындағы Данияр Елеусінов атындағы спорт сарайында Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ұйымдастыруымен департамент қызметкерлері арасында қоян-қолтық айқастан облыстық турнир ұйымдастырылды.
Бұл жарыс ІІМ ҚАЖ комитетінің жоспарлы чемпионатына облыс құрамасын жасақтау үшін өтіп отыр.
50 спортшының жекпе-жектерін Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД басшылығы және мекеме бастықтары, ІІО ардагерлері, қызметкерлер және қызметкерлердің отбасылары тамашалады.
ҚАЖД бастығының орынбасары, полиция полковнигі М. Ғабдуллин: «Бүгін тек күш сынасып қана коймай, біліктілігімізді де арттыра түстік. Қызметкер әр сайысқа бәріне дайын болу керек, біздің қызметкерлеріміз денешынықтыру жағынан, сондай-ақ әскери дайындық жағынан әр уақытта «үздік» деңгейде жүруі тиіс», – деді.
Жарыс барысында кілемде қызметкерлер өздерінің тәсілдері бойынша шеберліктерінің жоғары деңгейде екендігін дәлелдеп көрсете білді.
Турнир қорытындысы бойынша командалық бірінші орынды РУ-170/3 мекемесінің командасы жеңіп алды. Екінші орынды РУ-170/1 мекемесінің командасы иеленсе, үшінші орынға РУ-170/2 мекемесі тұрақтады.
Жеңіске жеткен қызметкерлер мен жеңімпаз командаларға Батыс қазақстан облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары М. Ғабдуллин арнайы кубоктарды табыс етіп, грамоталар берді.

Қ. ЕСЕНБАЕВ, Батыс Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*