Жолдау салған жаңа жол

Қостанай қаласы Оқу орталығының арнайы алғашқы оқыту курсының тағылымдамашылары облыстық Л. Толстой кітапханасында «Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы» атты шара ұйымдастырды.
Жастар мемлекет қамқорлығында. Биыл ғана емес, тәуелсіздік алған жылдан бастап, жастар қауымы Мемлекет басшысының қамқорлығын сезініп келеді. Өткізілген шара да соның бір куәсі.
Іс-шараға Ұлттық ұлан сарбаздары, университет студенттері қатысты. «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Әлібек Мұхамеджанов Елбасы Жолдауынан мысалдар келтіріп, жастарды Отанымыздың патриоты болуға, сапалы білім алып, қолжетімді баспанаға ие болу үшін мемлекеттік қолдау шараларын белсенді пайдалануға, мемлекеттің дамуы және Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елі қатарына енуі үшін қолдан келгеннің барлығын істеуге шақырды.
І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының әртістері М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты қысқаша қойылымын қойып, әндер шырқап, күй тартты.

Н. ЗАРЛЫХАНОВ, Қостанай облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*