Институтта өткен игі шара

Көкшетау техникалық институтында «Батыр – тағдыр, ғылыми – ғұмыр» атты ғылыми-танымдық семинар өтті.
Іс-шара 1943 жылы 30 қаңтарда ғалым, ұстаз, филология ғылымдарының докторы, академик Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілген күнге орайластырылған.
Семинар Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы және «Ұлы дaлaның жeті қыpы» aтты мaқaлacындағы идеяларды іске асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Шара Кеңес Одағының Батыры М. Ғабдуллиннің ескерткішіне гүл-шоқтарын қою рәсімімен салтанатты түрде ашылып, семинарды Көкшетау техникалық институтының бастығы, техникалық ғылымдарының докторы, азаматтық қорғау полковнигі С. Шәріпханов алғы сөзімен ашты.
«Батыр – тағдыр, ғылыми – ғұмыр» атты ғылыми-танымдық семинарға құрметті қонақ ретінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Білім беру ісінің үздігі, М. Ғабдуллиннің шәкірті Серік Негимов, тарих ғылымдарының докторы, профессор, археолог, Берел қорғанын алғаш ашқан, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-тарихи музейінің ғылыми кеңесшісі Зейнолла Самашев, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, журналист, жазушы-аудармашы, қоғам және мәдениет қайраткері Ғосман Төлеғұлұлы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Бердібай Шалабай, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, Отандық тарих және «Рухани жаңғыру» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Қ. Абуев, М. Ғабдуллин музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек қатысты.
Сонымен қатар, семинарға институттың профессорлық-оқытушылар құрамы, курсанттар және Азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжінің студенттері қатысып отырды.
Семинар профессорлық-оқытушылар мен КОФ, СО ж/е БАФ курсанттары мен тыңдаушылары арасында «Батыр – тағдыр, ғылыми – ғұмыр» атты қабырға газеті сайысының қорытындысын жариялаумен және келген қонақтарды марапаттау рәсімімен аяқталды.

Әлеуметтік-гуманитарлық тәртіптер,
тіл және психологиялық даярлау кафедрасы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*