Жоғалған баланы тапты

Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері иісшіл иттің көмегімен жоғалған бес жасар баланы тапты.
Оқиға 31 қаңтар күні кешкі сағат 18.30 шамасында болды. Орал қаласының тұрғыны үй жанында ойнап жүрген баласының жоғалып кеткені жөнінде айтып, Ұлттық ұлан жауынгерлерінен көмек сұрайды.
Сол бойда барлық әскери жасақтарға хабар беріледі. Бұл кезде құрамында сержант Эльдар Жұмагелдин, қатардағы жауынгерлер Даниил Челнаков, Айбек Абдулаев және кинолог маман, қатардағы жауынгер Салауат Янсуфин бар әскери топ «Кармэн» атты итпен бала жоғалған «Солтүстік-шығыс» шағын ауданында жүр еді.
Туысқандары берген баланың киімін кинолог итке иіскетіп, іздеу жөнінде тапсырма береді. Ізге түскен ит Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназияның ауласына алып келеді. Сол жерде жауынгерлер жылап жүрген баланы көріп, кейін ата-анасына аман-есен тапсырады.
Қырағылық көрсеткені үшін жауынгерлерді 5517 әскери бөлім командирі марапаттады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*