Көші-қон орталығы ашылмақ

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы жаңа ғимаратқа көшті.
Қызылорда облыстық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы және қалалық Полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөлімі Бектұрғанов көшесіндегі №70 мекенжайға көшірілді.
Бұл ғимараттың бірінші қабатында «Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша департаментіне қатысты мемлекеттік қызмет алушыларға қолжетімді «Көші-қон қызметтер орталығын» ашу жобасы әзірленуде.
Орталықта шетелдіктерді уақытша тіркеуге, еңбекші көшіп келушілерге жеке тұлғаларда жұмыс істеу үшін рұқсат рәсімдеу мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
Орталықтың іске қосылуы осы жылдың ақпан айында жоспарлануда.

Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*