Түнеу орнында тіршілік қызуда

Аязды күндері петропавлдық полицейлер түнгі түнеу орнына 20-ға тарта қаңғыбасты жеткізеді.
Петропавл қаласы Полиция басқармасының қаңғыбастарға арналған қабылдап-тарату орнының қызметкерлері күшейтілген түрде қызмет атқаруда. Сақшылардың басты міндеті – үй-күйсіз жүрген азаматтардың суықтан үсіп қалуын болдырмау.
Жергілікті полиция қызметі бөлімі қабылдап-тарату орнының қызметкерлері тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар жиналуы мүмкін барлық орындарды тексеру жұмыстарын жүргізуде. Қаңғыбастардың кейбірі ащы суды қолданып, суықтан қорғану үшін жылу құбырларын, көлікжай кооперативтерін паналайды. Ал, басқалары тіпті ашық аспан астында жылу құбырларында түнейді. Қазіргі аязды күндері мұның соңы қайғылы аяқталуы да мүмкін. Сондықтан полицейлер олардың барлығын жинап, қабылдап-тарату орнына, сондай-ақ, тұрғылықты мекенжайлары жоқ адамдарға арналған түнеу пунктіне жеткізеді. Аталмыш мекеме Жұмысшы кентінің шетіндегі 2629 шақырымда орналасқан. Бұл жерде 50 адамға шақталған кереует-орын бар. Тәулік бойы полиция қызметкері кезекшілік етеді. Медициналық көмек, сондай-ақ, «Қызыл Жарты Ай Қоғамы» филиалы және басқа да ерікті ұйымдар өкілдерінің ұйымдастыруымен ыстық тамақ қарастырылған.
Петропавл қаласы Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жандос Мұхатов айтып өткендей, рейдтік іс-шараларды полиция қызметкерлері күнде өткізеді. Түнеу пунктінен бөлек, қаңғыбастар қалалық Полиция басқармасының қабылдап-тарату орнына жеткізіледі. Мұнда әкелінген соң, олар криминалистикалық, жедел-анықтамалық және ішкі істер органдарының басқа да есептеріне қойылады. Өткен жылы қабылдап-тарату орнының қызметкерлері 69 қылмыстың бетін ашты.
2019 жылдың басынан қабылдап-тарату орнына 188 адам жеткізілді. Олардың 22-сі біздің мекемеге орналастырылды. Сондай-ақ, қысқы уақытта қабылдап-тарату орнының қызметкерлері Жұмысшы кентіндегі түнеу пунктіне күн сайын 15-тен 20-ға тарта адамды жеткізеді. Жылдың басынан түнеу орнында 973 адам болып қайтты.
Тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдардың шоғырланған орындары туралы ақпарат болған жағдайда қала тұрғындары қабылдап-тарату орнының кезекші бөлімінің 52-92-99 нөмірі арқылы полицияға хабарласа алады.

Солтүстік Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*