Жауапкершілігі мол офицер

Қай мемлекетте болмасын «өрт сөндіруші» сөзі адамның ойына төтенше жағдайларды ғана емес, сонымен қатар, ерлікті, батылдықты, қайсарлық пен мақтаныш сезімін салады. Кез келген адам өз өмірін азаматтық қорғау органдарымен байланыстыра алмайды, сонда да адам өмірін құтқару борышым деп есептейтін, өрт апатына қарсы тұра алатын адамдар да бар.
Аға инженер, азаматтық қорғау лейтенанты Абай Қабыкенов – Ресей ТЖМ Санкт-Петербор университетінің 2018 жылғы түлегі.
Ол Қорғалжын ауданында дүниеге келіп, Көкшетау қаласында өсті. Балалық шағынан футболмен айналысады. Мектепті бітірген соң, Көкшетау техникалық институтына түседі. Курсанттардың арасынан іріктеуден өтіп, Санкт-Петербор қаласына оқуға жіберілді. Ол оқудан басқа университеттің спорттық өміріне белсене қатысты. Команда құрамында Ресей чемпиондары, жоғары оқу орындары арасындағы шағын футболдан Ресей чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Университетті бітіргеннен кейін бірден Атбасар қаласының №4 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері лауазымына тағайындалды.
Қысқа мерзім ішінде Абай жеке құраммен тіл табысып, өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтын маманға айналды. Өз қызметтік міндеттері бойынша өрт сөндіру жеңдерінің күй-жағдайына, оларды сақтау, сынау және есептен шығаруға жауапты. Жең шаруашылығы мен аға инженердің қызметтік құжаттарын таза және анық жүргізеді. Өрт сөндіру кезінде және апаттық-құтқару жұмыстарында сауатты және жеке құраммен үйлесімді жұмыс істейді.
Қысқа мерзім ішінде әртүрлі деңгейдегі 15 өртті сөндіріп, 10 реттен аса оның басқаруымен апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілді. 10 шақты өрт сөндірудің жедел жоспарлары қайта әзірленді.
Абай бос уақытын балалық кезінен айырылмаған сүйікті футболға арнайды. Төтенше жағдайлар саласында Абай секілді спортшы жастардың болуы бұл қызметке жаңа күш, қайрат береді.

Ақмола облысы ТЖД
«ӨС және АҚЖҚ» ММ
баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*