Жауынгер жеңісі

Батыс Қазақстан облысы ТЖД-ның әскери қызметшісі жауынгерлік самбодан 1-орынды иеленді.
Департаменттің басшылығы ведомстволық бағынысты бөлімшелер қызметкерлерінің спорттық дайындығына үлкен көңіл бөледі. Денені шынықтыру, қызметкерлердің экстремалды жағдайда шешім қабылдауға үнемі дайын болуы мақсатында өрт сөндіру бөлімдері мен құтқарушылар арасында әртүрлі спорт жарыстары өтіп келеді. Үздік нәтиже көрсеткен қызметкерлер қалалық және облыстық жарыстарға қатысады.
Батыс Қазақстан облысының Денешынықтыру және спорт басқармасы Айтиев атындағы спорт залда 24-25 қаңтарда жауынгерлік самбодан облыстық жарыс өткізді.
Азаматтық қорғаныс бөлімінің әскери қызметшісі, лейтенант Айбар Қалиев ерте жастан жекпе-жек түрлерімен айналысып, Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау академиясында оқып жүрген кезінде де самбо және дзюдодан белсенді жаттығуларын жалғастырды. Осы табанды жаттығулары мен мақсатқа ұмтылысының нәтижесінде ол облыстық жарыста 90 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, жеңіске жетті.

М. ХАЙРЕКЕНОВ, Батыс Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*