Облыстық жарыстан жүлделі орын

Павлодар қаласында облыстың қалалары мен аудандарынан 50-ден аса қатысушы жиналған облыстық ММА жарысы өтті.
Турнирге 120 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Павлодар облысы Полиция департаментінің қызметкері, полиция капитаны Руслан Костоев қатысып, екінші орынға ие болды.
Бұл осы жылдың 13 ақпанында Алматы қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына іріктеу жарысы екенін атап кеткеніміз жөн.
Руслан Костоев республикалық қана емес, халықаралық турнирлерде бірнеше рет жеңіске жеткен тәжірибелі жауынгер. Оны жеңісімен құттықтай отырып, алдағы өтетін чемпионатта сәттілік тілейміз.

Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*