Ұлы тарих – үлкен өмір дастаны

Мағжан сенген болашақ ел жастары,
Ұлы тарих – үлкен өмір дастаны.
Қайран жастық қайратты да жігерлі,
Күлтегіннің жазуындай тастағы.

Тарихыңды жалғайтын да жастарың,
Ерте өсіп, ер атанар қас-қағым.
Сендер жетіп, алмайтұғын қамал жоқ,
Бірлікпенен қосылса егер бастарың.

Ертеңгі елдің болашағы, біз, жастар,
Өс, өркенде, өнеге боп жүр, достар.
Қазағыма нұрын шашар күн болып,
Биік шың бол, алып тұлға бір асқар.

Жастар жылы деп атады Елбасым,
Биылғы жыл бір ерекше болғасын.
Жас буындар күш-жігерін ендеше,
Қазақстан дейтін елге арнасын.

Ерболат ЛАШЫН, ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы
Қостанай Академиясының 2-курс курсанты,
полиция қатарындағы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*