Бірлескен істе береке бар

Ішкі істер министрлігінде ведомствоның бірқатар департамент басшылары Қазақстандағы АҚШ елшілігі Қауіпсіздік саласындағы әскери ынтымақтастық бөлімінің өкілдерімен кездесті.
Басқосу барысында есірткі бизнесіне, экстремизмге және терроризмге, сондай-ақ, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл жасау саласында ынтымақтастық мәселелері қаралды.
Бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі ағымдағы және перспективті жоспарлар, оның ішінде ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған оқыту курстарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

ІІМ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*