Міндеттер мінсіз орындалды

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінде ҚАЖ комитеті төрағасының бірінші орынбасары, әділет полковнигі Бекболат Төремұратовтың төрағалығымен департаменттің 2018 жылғы жұмысын қорытындылауға арналған жедел кеңес өтті.
Шараға «Еңбек-Орал» РМК филиалы директорының м.а. Мирас Төлеғалиев, ҚАЖ департаменті және мекемелерінің басшылық және жеке құрамы қатысты.
Кеңесте негізгі баяндаманы департамент бастығы, әділет полковнигі Дмитрий Кобцев жасады. Ол өз баяндамасында жедел-қызметтік жұмыс нәтижелері мен ҚАЖ департаменті және мекемелердің қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілгенін атап өтіп, белгілі қиындықтарға қарамастан, қойылған міндеттер толық көлемде орындалғанын жеткізді.
Жедел кеңесте облыс мекемелері мен Пробация қызметінің бастықтары сөз сөйледі.
ҚАЖ комитеті төрағасының бірінші орынбасары, әділет полковнигі Бекболат Төремұратов шараны қорытындылай келе, басқару тиімділігін арттыруға назар аударды, сондай-ақ, Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың арасында қайталай құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеу мақсатында, оларды жұмысқа орналастыру, жабық мекемелерде сотталғандардың арасында тәрбие жұмысын күшейту және 2019 жылы жұмыс нәтижелерін одан әрі жақсарту бойынша бірқатар міндеттерді алға қойды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*