Тұрмыстық зомбылықпен тегеурінді күрес

Павлодар облысының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері, облыс прокуратурасы, Полиция департаменті, Кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған бейімдеу орталығы, Дағдарыс орталығы, Білім беру басқармасы, Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия, Медиаторлар, Заң кеңесшілерінің палатасы облыстық сот ұйымдастырған «Заманауи сот төрелігі жүйесіндегі отбасылық сот» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар «Отбасылық сот» пилоттық жобасын құру, Жоғарғы соттың «Бала тәрбиесімен байланысты дауларды шешу кезінде соттардың заңдарды қолдануы туралы» №15 және «Баланың шығу тегін белгілеумен байланысты істерді қарау кезінде соттардың заңнамаларды қолдануы туралы» №16 нормативтік қаулылары жөнінде пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, Германияның сот төрелігі жүйесіндегі Отбасылық сот тәжірибесі қаралды.
Полиция подполковнигі Қамзина Бибігүл өз сөзінде тұрмыста жасалатын құқық бұзушылықты ескерту полиция органдарының қызметіндегі маңызды бағыт және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатынын жеткізді. Отбасылық-тұрмыстық жанжал тұрмыстық аяда қылмыстарды жасаудың негізгі себебі болып табылатынына тоқтала кетті.
Негізгі назар отбасылық жанжалқой, алкогольдік ішімдіктерге салыну ретінде профилактикалық есепте тұрған адамдарды тексеруге бағытталған әкімшілік учаскелердегі алдын алу іс-шараларына аударылады.
Балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалғанда жәбірленуші балалар оны ұзақ уақыт бойы туыстары мен айналасындағылардан жасырады, бұл өз кезегінде уақытында әрекет ету шараларын қолдануды қиындатады.
Әйелдер мен балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін отбасылық жанжалдар туралы барлық келіп түскен хабарламалар бойынша қорғау ұйғарымын шығару, мінез-құлқына ерекше талаптар бекіту, АДБ-ге енгізу арқылы есепке қою сияқты дереу тиісті әкімшілік-құқықтық шаралар қолданылады.
Көп жағдайда тұрмыстық жанжал мас күйде жасалады, түнгі уақытта және 21 жасқа дейінгі адамдарға алкагольдік өнімдерді сату фактілерін анықтау (ҚР ӘҚБК 200-бабы), алкогольді өнімдерді заңсыз сату жолын кесу мақсатында ҚР ӘҚБК 282-бабында қаралған құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.
Полиция қызметкерлері алкогольді өнімдерді ішкендерді ӘҚБК 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша күнделікті жұмыс жүргізеді.
Тұрмыстық салада, сондай-ақ, әйелдер мен балаларға қарсы құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу мақсатында мүдделі ведомстволармен бірге ақпараттық-насихаттау жүргізіледі. Сенім телефоны жұмыс істейді.
Полиция органдары үкіметтік емес ұйымдармен де тығыз өзара іс-қимыл жасайды.
Дөңгелек үстел қатысушылары жұмыстарын қорытындылай келе, отбасылық соттың дамуы өзекті деп білді. Отбасылық сот мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамның күш-жігерін біріктіреді. Әлеуметтік саламен басқаруда қазіргі заманғы механизмнің дамуына түрткі болады, жүргізілген жұмыстың тиімді болуына септігін тигізеді.

Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*