Жуырда Қарағанды облысы әкімдігінде «БАҚ-тағы дін саласы және діни экстремизмнің алдын алу мәселелерінің үздік жарияланымы» байқауының жүлдегерлерін марапаттау іс-шарасы өтті.
Алқалы отырысты Қарағанды облысының дін істер басқармасы ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдарындағы дін саласы және діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша үздік мақалаларды анықтау.
Жыл сайын ұйымдастырылатын байқауға облысымыздың әр өңірінен үміткерлер қатысты.
Аталмыш байқау қорытындысы бойынша облыс әкімдігінің ІІІ дәрежелі дипломын Ішкі істер министрлігі Б. Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясы Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, полиция аға лейтенанты Құлынтай Монай иеленді.
Жиын соңында жеңімпаз бен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Кафедра ұжымы әріптесімізге зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейді.

Жалпы білім беретін
пәндер кафедрасының ұжымы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*