Жемқорлықпен күрестің жарқын үлгісі

Жуырда Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мәжіліс залында облыстық ҚАЖ департаментінің басшылығы Батыс Қазақстан облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында кеңейтілген семинар-кеңес өткізді.
Шарада Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Д. Кобцев сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асырудың өзектілігі, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қылмыстарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою қажеттігі туралы атап өтті. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының маңызды басым бағытының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл. «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» жобасының 13 қадамында жемқорлықпен күресуді күшейту қарастырылған, сол күресте негізгі басымдық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және оларды азайту болып табылады.
Аудитория алдында Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті агенттігінің бастығы Б. Исаков, Орал қалалық мәслихатының депутаты А. Өтемісова, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюросының БҚОФ директоры П. Кочетков, облыстық Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Е. Төлемісов, облыстық ҚАЖД Ардагерлер кеңесінің төрайымы А. Ғабдуллина сөз сөйледі.
Кеңес жеке құрамға ІІО және облыстың басқа да мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне түрлі сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін айыптау үкімдерін шығару және ұстау туралы бейнеролик көрсетілді.
Қорытындылай келе сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу әрбір ҚР азаматының міндеті, соның ішінде ІІО қызметкерлеріне қоғам сенім артып, олардың моральдық-әдеп бейнесіне жоғарғы талап қойғандығын сезіну керектігі айтылды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*