Байқаңыз, бейнекамера бақылап тұр!

2018 жылы Көкшетау қаласында бейнебақылау камераларының көмегімен 12 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды. Мемлекет басшысының «Құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында 2018 жылы ұйымдастырылған іс-шаралар мен полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында әкімшілік құқық бұзушылық деңгейінің төмендегені байқалады.
Қылмыстардың көпшілігі, әдетте, азаматтар көп жиналатын жерлерде, орталық алаңдарда, базарлардың, вокзалдар мен вокзал маңы алаңдарының аумақтарында тіркеледі. Көкшетау қаласындағы бейнебақылау жүйесінің көмегімен өткен жылы 130-дан астам қылмыс ашылып, 12 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды. Бүгінде Көкшетау қаласында тәулік бойы 130-дан астам сыртқы бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Әрбір монитордағы бейнежазбаларды үнемі бақылап тұратын бейнебақылау инспекторы бекітілген. Көбінесе қылмыстың ізі суымай ашылуы инспектордың кәсібилігіне байланысты.
Бейнебақылау камералары алдын алу жұмыстарында пайдалы. Себебі, олар құқық бұзушылар үшін тежеуші фактор болып табылады. Қала тұрғындары бейнекамералардың бар екендігі туралы хабардар және әдетте камера орналасқан орындарда қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеуге тырысады. Жедел басқару орталығына барлық жедел ақпарат келіп түседі және осы жерден полиция қызметтерінің барлық күштері мен құралдарын басқару жүзеге асырылады. Бұл бөлімшенің қызметі бір минутқа да тоқтамайды.
«Болашақта ЖБО жүйесін бағдарламалық қамтамасыз ету мен қызмет көрсету жақсарады деп күтілуде. Бұл өз кезегінде жағдайды жақсы бақылауға және қоғамдық тәртіпті сақтау мен қылмыстарды ашуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті тәртіп сақшылары.
Айта кету керек, полицейлердің, «Қазақтелеком» АҚ бастамасы бойынша облыс орталығында 410 подъезд пен көппәтерлі үйлердің аулаларында 820 бейнебақылау камерасы орнатылған. Бұл бейнекамералар онлайн-қарау функциясымен Жедел басқару орталығына қосылған. Сондай-ақ, Көкшетау қаласының 20 жатақханасында бейнекамералар орнатылған.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*