Үздіктер – елдің абыройы

Ұлттық ұланның «Үздік батальон командирі», «ТжӘҚЖ бойынша батальон командирінің үздік орынбасары», «Батальонның үздік штаб бастығы» жеңімпаздарын анықтау бойынша өткізілген байқау-сайыста жүзден жүйрік шыққандар анықталды.
Үздік атануға әскерден келген 18 офицер қатысқан болатын. Олар әскери бөлім мен өңірлік қолбасшылықтарда өткен сайыстың екі кезеңінде де жеңіп шыққандар.
Шараның басты мақсаты – әскери ұжымды басқару бойынша офицерлердің тәжірибелік және ұйымдастырушылық жұмысына объективті және жан-жақты баға беру, жеке құраммен қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларды орындау, қол астындағыларды оқыту мен тәрбиелеу, сондай-ақ, әскери қызметшілерді кәсіби шеберлігін арттыруға ынталандыру мен тәжірибе алмасу.
Осы себепті Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде жыл сайын байқау-сайысты ұйымдастыру дәстүрге айналды.
Қатысушылардың білімі жеке дайындығы негізінде денешынықтыру, атыс және саптық дайындықтары тексерілді. Кәсіби дайындық деңгейі мемлекеттік-құқықтық дайындық, жалпы әскери жарғы талаптары және қызметтік-жауынгерлік қолдану тактикасы пәндері бойынша сыналды.
Ұлттық ұланда батальондық бөлініс офицерлерінің кәсіби шеберлігінің деңгейін тексеру бойынша өткен байқау-сайыстың 3 ақтық кезеңінің жеңімпаздары анықталды.
«Үздік батальон командирі» номинациясы бойынша 5573 әскери бөлімнің (Астана қ.) өкілі капитан Данияр Досанов, «Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бойынша батальон командирінің үздік орынбасары» номинациясы бойынша 6637 әскери бөлімінің өкілі (Петропавл қ.) капитан Дулат Әбілмәжінов, «Батальонның үздік штаб бастығы» номинациясы бойынша 6655 әскери бөлімнен келген (Ақтөбе қ.) аға лейтенант Нұржан Бірімжанов жеңімпаз атанды.
Сайыс жеңімпаздары дипломдар және ақшалай сыйақымен марапатталды. Сайыстың қорытындысында Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов 2019 жыл Ұлттық ұланда батальон бөлінісі офицерлерінің кәсіби дайындығы жылы болып жарияланғанын айтып өтті.
Атап өту керек, қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларды сапалы орындау үшін 2018 жылы әскерде «Жауынгерлік жанұядай ұйысқан, Ұлттық ұлан – елі мен халқына қорған!» ұранымен жауынгерлік сайыс ұйымдастырылған болатын. Оның қорытындысы бойынша 1-орынды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы алды. 2-орынды «Батыс» өңірлік қолбасшылығы, 3-орынды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы еншіледі.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*