Билік өкіліне күш көрсеткен

Петропавлдық полицейлер билік өкіліне қатысты күш қолдану фактісін тергеуде.
Жолда «Мерседес» көлігі жүргізушісінің тәртіпсіздігі патрульдеу барысында полицейлердің назарын аудартты. Көлік құралының жүргізушісі тоқтау туралы билік өкілдерінің заңды талабын елемеді. Шамалы қуғаннан кейін құқық бұзушы тоқтатылды. Алайда, көлік салонынан шығудан бас тартты және алдында тұрған полиция қызметкерінің автомашинасын соқты. Оны ұстау үшін тәртіп сақшыларының күш қолдануларына тура келді.
1978 жылы туған Петропавл қаласының тұрғыны бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғаны, жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Оған қатысты жасаған бұзушылықтары бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Кейін ол Петропавл қаласының ПБ 1-ші полиция бөлімінің жедел-тергеу тобына тапсырылды.
«Аталған факт Қылмыстық кодекстің «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» 380-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді», – деп хабарлады Петропавл қаласының ПБ 1-ші ПБ бастығы, полиция полковнигі Балабек Жахин.
Биыл Солтүстік Қазақстан облысында Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне полиция қызметкерлеріне бағынбаудың осымен екінші фактісі енгізіліп отыр.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*