Тұрғындар арасындағы түсіндіру жұмыстары

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыс орталығының Лермонтов көшесіндегі тұрғындары арасында кезекті рейд өткізді.
Олар қалалықтарды жылыту құралдарын қолдануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, отпен абай болуға шақырды. Бұл талаптар өте қарапайым болғанымен, соның өзіне салғырт қарайтындар аз емес. Пешпен жылытылатын жеке үйлердің тұрғындары өрттен көп зардап шегеді.
Сондықтан өрт пен адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында құтқарушылар мен өрт сөндірушілер тұрғын секторды үнемі аралап, түсіндіру әңгімелерін жүргізеді. 2018 жылы олар 31 045 ауланы аралап, 86 100 адамды қамтыса, 14 502 адамның қатысуымен 421 жиналыс өткізді.
Алайда, қабылданған шараларға қарамастан, өткен жылы Қостанай облысының аумағында 1 130 өрт болды (2017 жылға қарағанда 3%-ға кем). Тұрғын секторда 747 өрт тіркелген, бұл жалпы өрттердің 66%-ын құрайды (2017 жылмен салыстырғанда 6%-ға азайды).
Өрт сөндірушілер тұрғындарға пешті уақытылы тексеру және ақауларды жою, жылыту маусымы басталар алдында пештің түтін мұржасын күйеден тазарту қажеттілігі туралы еске салды. Өрт сөндіру департаменті саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі С. Бекмағамбетов өз сөзінде: «Бүгінде Қостанай облысының барлық ауданында үгіт-насихат жұмыстарын жүріп жатыр. Инспекторлар халықпен әңгімелесіп, оларға буклеттер мен жадынамалар таратуда. Облыс тұрғындарына жылыту құралдарына немқұрайлы және ұқыпсыз қарау қайғылы жағдайларға әкеліп соқтыратыны ескертіліп жатыр», – деді.
Құтқарушылар өздерінің жүргізіп жатқан алдын алу жұмыстары қостанайлықтарды және олардың жақындарын қайғылы оттан және улы газдан сақтауға мүмкіндік беретініне сенімді.

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*