Байқоңырмен байланыс бекімек

Ұлттық ұланның құрылған күнінде Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов пен Астана қаласы Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Каналимов екіжақты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Аталған меморандум аясында тараптар бірқатар бағыт бойынша қарым-қатынас орнатпақ. Бірінші кезекте – түрлі салалар бойынша тәжірибе алмасып, бірлескен семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер мен байқаулар ұйымдастыру. Оның ішінде мемлекеттік және басқа да мейрамдарға арналған мәдени іс-шаралар өткізу де көзделген.
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов құқықтық тәртіп әскерлері әкімдіктің бастамаларын қолдап, ынтымақтастыққа даяр екендіктерін жеткізді.
Өз кезегінде Астана қаласы Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Каналимов ұландықтарды кәсіби мерекесімен құттықтап, еліміздегі тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы қызметіне сәттілік тіледі.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*