Ғылым жолын қуған полковник

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясы бастығының орынбасары, полиция полковнигі, заң ғылымдарының кандидаты (ассоциацияланған профессор, доцент) Сергей Бачуринді зейнеткерлікке шығарып салуға арналған іс-шара өтті.
Шараға Академия басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер қатысты. Алғашқы сөз кезегі Академия бастығы, полиция генерал-майоры Мирлан Қызыловқа берілді.
«Сергей Николаевич Бачурин 1993 жылы Қазақстан Республикасы Қарағанды заң институтының «Құқықтану» мамандығына оқуға түсіп, 1997 жылы бітірді. 1997 жылдан бастап ішкі істер органдарында тергеуші лауазымынан бастап Академия бастығының орынбасары лауазымына дейін қызмет атқарды. Ал, Академияда ғалым хатшы лауазымынан бастап Академия бастығының орынбасары лауазымына дейін 3,5 жыл қызмет атқарды. Қызмет атқару барысында өзін кәсіби маман, адамгершілігі мол, қызметіне адал, тыңғылықты қызметкер ретінде көрсетті», – деді Академия бастығы.
Полиция полковнигі Сергей Бачурин 85-тен аса ғылыми жұмыстың авторы, 2 монография, 3 оқу құралы, 1 тәжірибелік оқу құралы және тағы да басқа әдістемелік құралдарын жарыққа шығарды. Талмай еңбек етуінің арқасында 1, 2 және 3 дәрежелі «ІІО-да мінсіз қызметі үшін» медальдарымен және «Қазақстан полициясына – 20 жыл», «Қазақстан полициясының үздігі», «Шырақбек Қабылбаев» төсбелгілерімен және тағы да басқа наградалармен марапатталды. Академияның қоғамдық өмірінің жұмыстарына және ғылыми жұмыс саласының жоғарғы деңгейде өтуіне белсене атсалысты.
«Ғылыми, ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарыңыз мол және жоғары білікті маман бола отырып, Сіздің жетекшілігіңізбен ғылым жолына бет алған, бүгінгі таңда ғылым мен білімнің терезесін тең ұстап жүрген шәкірттеріңіз еліміздің игілігі үшін жемісті еңбек етуде.
Сізді бүгінгі зейнеткерлікке шығуыңызбен құттықтаймын, биіктен көріне беріңіз, отбасыңызға амандық, жаңа бастамалар тілеймін», – деген Мирлан Қызылов келесі сөз кезегін Ардагерлер кеңесінің төрайымы Бисұлу Мұқажановаға берді.
Іс-шара барысында Академияның қызметкерлері зейнеткерге жаңа бастамалар, жаңа ғылыми жетістіктер, ғылым мен білім жолында жемістер тіледі.

ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы
Қостанай Академиясының
баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*