900 адам азаматтық алды

Ақмола облысында 3 мыңнан астам адам республика аумағынан тыс жерде тұрақты тұру рұқсатына ие болды.
2018 жылы Ақмола өңірі үшін маңызды оқиға орын алды. Өткен жылдың желтоқсан айында облыс орталығында Көші-қон қызметі орталығы ашылып, онда полиция қызметкерлері уақытша тұруға рұқсат алу, тұруға ықтиярхат алу, азаматтық алуға құжаттар беру, сондай-ақ, шетелдік азаматтарға еңбек қызметін жүзеге асыру құқығына патент беру мәселелері бойынша азаматтарды қабылдайды.
Орталықтың басты міндеті – халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті деңгейі мен мерзімін сақтау, қызмет сапасының төмендеуіне жол бермеу болып табылады. Қазіргі уақытта Ақмола облысының көші-қон қызметі көші-қон саласында 17 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
2018 жылдың қорытындысында көші-қон саласы бойынша барлығы 450 000 қызмет көрсетілген. Оның ішінде еңбек мигранттарына 16 000-нан астам рұқсат берілді жəне мерзімі ұзартылды. Ақмола облысы бойынша 900-ден астам адам Қазақстан Республикасының азаматтығын алған.
Сондай-ақ, заңсыз көші-қонның алдын алу және жолын кесу барысында қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік шаралары, кейін қайтару, кейіннен келуге және еңбек қызметін жүзеге асыруға тыйым салу қолданылады.
Сонымен қатар, жыл ішінде Қазақстанда болу тәртібін, яғни әкімшілік жəне азаматтық-процессуалдық кодексті бұзған 200-ден астам шетелдік ел аумағынан шығарылған. 3 мыңнан астам ақмолалыққа республикадан тыс жерлерде тұрақты тұру үшін шығу рұқсаты берілген.
«Халыққа көрсетілетін қызметтің қолжетімділігі мен сапасын көтеру бойынша жұмыс істеу қажет. Əсіресе, алдыңғы қатарлы шетелдік жəне отандық тəжірибені енгізу, бөлімшелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру арқылы жұмыс үлгісі мен əдісін жетілдіру жоспарда бар», – деп атап өтті миграциялық қызметтен.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*