Білім алып саяңда, өткердік сан жылды…

Кеше ғана Академия табалдырығын аттап, жоғары білім алуға келген мектеп түлектері бүгінде 4 жыл білім алып, бірер айдан кейін өз қалаған мамандықтарының иегерлері атанбақ.
11 қаңтар күні Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясында 4-курс курсанттарын дербес бөлу комиссиясының отырысы өтті.
Комиссия отырысына еліміздің түкпір-түкпірінен келген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты полиция және қылмыстық атқару жүйесі департаменттерінің өкілдері, ІІМ КСД кәсіби және идеологиялық даму басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Е. Қуанов, ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының орынбасары, полиция полковнигі А. Тарасенко, Академияның басшылығы мен 4-курс курсанттары қатысты.
Отырысты Академияның бастығы, полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов ашып, барлық қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды. Биыл Академияны 243 курсант тәмамдағалы отыр, оның ішінде 22 курсант үздік дипломға үміткер. Курсанттар үш мамандық бойынша оқыды: «Құқық қорғау қызметі», «Ішкі істер органдары үшін педагогика және психология» және «Ішкі істер органдары үшін әлеуметтік жұмыс».
Отырыста курсанттар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Әр курсанттың сұрағы толық шешімін тауып, қанағаттандырылды. Жыл сайын өткізіліп келе жатқан отырыстан кейін полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов ІІМ-ге қарасты ПД және ҚАЖД өкілдеріне, ІІМ КСД кәсіби және идеологиялық даму басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Е. Қуановқа, ҚАЖК төрағасының орынбасары, полиция полковнигі А. Тарасенкоға Пробация қызметкерлерінің оқу орталығына арналған жаңа инновациялық технологиялармен жабдықталған компьютер кабинеті мен дәріс залын көрсетті.

ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы
Қостанай Академиясының баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*