Күдікті құрыққа түсті

30 желтоқсанда ұры Тараз қаласы орталығында орналасқан кафелердің бірінде жәбірленушінің қалтасынан 1 090 000 теңге және 1000 АҚШ долларын жымқырып, оған ірі көлемде материалдық шығын келтірген.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 1989 жылы туған Ш. есімді азамат анықталып, қылмыстық іс бойынша қорғаушының қатысуымен күдікті ретінде танылды.
Күдікті өзінің кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Қазіргі таңда ҚК 188-бабы, 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Жамбыл облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*