Күзет – полиция көмекшісі

Ақмола облысында барлық меншік түрінің 4000-нан астам нысаны күзетіледі.
Қазіргі уақытта Ақмола облысының аумағында 23 орталықтандырылған бақылау пульті жұмыс істейді. Қауіпсіздік саласы физикалық күзет пен заттардың қауіпсіздігін, сақталуын барынша қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін техникалық құралдарды қамтиды.
2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Ақмола облысы Полиция департаментінің күзет қызметін бақылау бөлімінде 199 күзет қызметінің субъектісі есепте тұр, оған 3149 қызметкер жұмылдырылды.
Өткен жылы кәсіби күзетуге барлық меншік түріндегі 218 нысан, орталықтандырылған бақылау пультіне – 785 жеке пәтер, физикалық күзетке 2 коттедж қабылданды.
– Жеке күзет ұйымдары сауда құрылымдарында, банктерде, кәсіпорындарда, кеңселерде, сондай-ақ, тұрғын үй кешендерінде және көппәтерлі үйлерде қолданылатын физикалық күзет бекеттерін қою қағидасы бойынша қызмет көрсетеді, – дейді күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ерлан Мұстафин.
Күзетілетін пәтерлердің жалпы саны 2203, оның ішінде орталықтандырылған бақылау пультімен (ОБП) – 1721 және физикалық күзетпен – 482, күзет пультімен – 2977 объект қорғалады.
Күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын фирмалар заңсыз кіру мен жануға ден қоятын күзет мониторингі жүйесін пәтерлер мен кеңселерге орнатады. Бұл фирмалар үй-жайларды бейнебақылау, кіруді бақылау жүйелерімен, домофондармен және иесін қауіпсіздендіруге арналған басқа да техникамен қосымша жарақтандыра алады. Бүгінде күзет дабылы құралдары жабдықтарының нарығы әртүрлі және халықтың барлық жіктеріне, сондай-ақ, брендке қатысты да қолжетімді.
Күзет қызметінде жұмыс істейтін Planar мобильдік қосымшасын пайдалану нысанды тәулік бойы бақылауға тиімді, қазіргі уақытта оның ыңғайлылығын жеке бизнес иелері бағалап үлгерген.
Сондай-ақ, өткен жылы техникалық пайдалануға енгізілген «дабыл түймесі» мобильдік қосымшасының жаңа пайдаланушылары Көкшетау қаласында шамамен 317 адамға жетіп отыр. Смартфонның кез келген пайдаланушысы Android және IOS операциялық жүйелер базасында осы қосымшаларды жүктей алады.
2018 жылдың қорытындысы Көкшетау қаласы бойынша күзет құрылымдарының көмегімен 40-тан астам қылмыстың беті ашылғанын, оның ішінде 19 ұрлық, 8 есірткі заттарын заңсыз қолдану, бұзақылық, 11 ұрлық, 317 әкімшілік құқық бұзушылық анықталғанын көрсетіп отыр.
Қылмыс ашуда және құқық бұзушыларды ұстауда белсенді көмек көрсеткені үшін облыстық Полиция департаментінің басшылығы күзет ұйымдарының 55 қызметкерін ақшалай сыйақымен марапаттады.
Күзет агенттіктері тапсырыс берушінің өмірі мен денсаулығын қорғауға, радиобайланыспен және арнайы құралдармен жабдықталған қарулы күзет бекеттерін қою арқылы жеке кәсіпкерлік объектілерін күзетуге кепілдік береді.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*