Қылмыстық іздестіру – жүрегімнің қалауы

Қылмыстық іздестіру қызметі – қиыншылығы мен қызығы мол мәртебелі мамандықпен байланыстырған адамдар өмірі. Бұл өз өмірін қауып-қатерге байлай отырып қылмыспен күресетін адамдар тағдыры.
Сондай жандардың бірі – Теміржол полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Алмас Мақыжанов.
«Қызығынан гөрі қиындығы басым мамандықты таңдаған себебім – жүрегімнің қалауы» – дейді Қарағанды қаласының ІІБ Теміржол ПБ-нің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі.
Алмас Серікұлы 1991 жылы 4 қазанда Қарағанды қаласында қарапайым отбасында дүниеге келген. Ол 1-5сыныпты Қарағанды қаласындағы №51 орта мектепте, кейін 5-9 сыныптарда №77 орта мектепте білім алған. Ал 2008-2010 жылдары Т. Бигельдинов атындағы әскери мектепте біліммен қоса әскери қызметтің небір қиыншылықтарына төтеп беруді үйренеді. 2010-2014 жылдар аралығында Алмас ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясында білім алып, тәжирбесін молайтты.
Бүгінде Алмас Серікұлы Теміржол полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің қылмыстарды ашумен айналысатын аға жедел уәкілі қызметін атқарып абройымен жалғастырып келеді. Жауапкершілікпен қоса шыдамдылықты талап ететін қылмыспен күрес саласында қайраты мен күш-жігерін салып еңбек етіп жүрген Алмас іскерлігінің арқасында әріптестерінің арасында беделі жоғары. Бауырмал, кішіпейіл мінезімен қатар ол шындықты жақтаушы, әділдікті сүюші ерекше жан ретінде көзге түсе білді.
Әкесі Серік пен анасы Ғалияның өсіріп жеткізген жалғыз ұлдары Алмас еркелікке бой алдырған емес. Өз ісін жетік білетін әрі алдына қойған мақсатына жетпей қоймайтын табанды жігіттің еңбегі талай рет құзырлы органдардың марапаттауларымен бағаланды. Осындай ер тұлғалы қызметкерлеріміз тұрғанда, қоғамда қылмыс азайып, тәртіптің орнайтынына, тыныштық болатынына сеніміміз мол.

Сәулет ХАМЗЕҚЫЗЫ, Қарағанды облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*