Сақшының жетістігі – департамент абыройы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин Ақтау қаласында өткен республикалық турнирде III орынға ие болған полиция қызметкерін алғыс хатпен марапаттады.
Полиция кіші сержанты Батырхан Қайырбек полиция ведомствосының ең ұрысқа қабілетті бөлінісі – Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ кезекшісінің көмекшісі болып қызмет етеді. Тәуліктік кезекшілік арасында спорттық жаттығуларға қатысу – бұрыннан келе жатқан дәстүр. Батырхан 6-сыныптан бастап қазақ күресімен айналысады. Қазір ол 24 жаста, спорт шебері.
ІІМ чемпионатында Батырхан Қайырбек облыстық Полиция департаментінің қоржынына, кілемде күш сынасу үшін Петропавл қаласында жиналған республиканың барлық тәртіп сақшылары арасынан үздік балуан атағына ие болып, жеңіс әкелді. Ол күзде Ақтау қаласында Президент Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін VI халық спорты ойындарында облыстың намысын қорғады.
«Барлық қарсыластар жоғары деңгейде дайындалып келген, – деп есіне алды кіші сержант. – Мықты, техникалық жағынан ширақ. Бірақ, талмай жаттығу жасау және қатал тәртіп өз нәтижесін берді. Соңғы шайқас ерекше қиынға түсті, алайда мен оны таза жеңіспен аяқтадым».
Спортшыға берілген алғыс хатта: «Сіздің қол жеткізген жетістіктеріңіз – мақсатқа жете білу, отансүйгіштік және кәсіби біліктілігіңіздің айқын белгісі. Сіз алдағы уақытта да облыс және республиканың абыройын халықаралық аренада лайықты қорғайтыныңызға сенімдімін», – делінген.
Солтүстік Қазақстан облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының командирі, полиция майоры Ерік Құлжанов: «Бұл хат тек біздің жауынгердің ғана жаңа жылдық олжасы емес, барлық департаменттің олжасы. Дене шынықтыру дайындығы – полиция қызметінің маңызды аспектісі. Спорттағы жетістіктер қызметкерлердің сапалы дайындығының көрсеткіші болып табылады», – деді.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*