Жалынды жас динамошылар

Жуырда «Динамо» ДСҚ қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысындағы филиалы және «Қостанай облысының спорттық самбо күресі мен жауынгерлік самбо федерациясы» бастамасымен болашақ Олимп шыңын бағындырушылар арасында «Жас Динамо» самбошылар іс-шарасы өтті.
Бұл турнирге 19 салмақ дәрежесінде 70-ке жуық жас спортшы қатысып, бақтарын сынап көрді. «Еліміздің болашағы жастардың қолында» деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, жастарды тәрбиелеуде спорттың орны бөлек. Жасөспірімдер арасында спортқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында жасалған бұл іс-шарадан «Жас динамошылар» спортқа деген алғашқы баспалдағын осы турнирдан бастады.
Турнир қорытындысы бойынша жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болған жастарды әртүрлі номинация бойынша марапаттады. «Жылдың үздік әдісі» – Артем Лимге, «Жыл серпілісі» – Мейрамбек Досаевқа, «Үздік спортшы» – Алмас Тілеуғалиевке, «Жылдың еңбекқор спортшысы» – Бахтияр Қалихановқа, «Жылдың үздік әдіскері» – Шыңғыс Сағындыққа, «Жылдың тұрақтылығы» – Адай Айтуаровқа, «Ең жас палуан» – Ярослав Салатовқа, «Жеңіске құлшынысы үшін» – Ердәулет Есетаевқа, «Жыл Үміті» – Аружан Тарғынбековаға, «Рухы берік спортшы» – Дәулет Мұхаметқалиға, «Жас талант» – Бауыржан Әмірғалиевке тапсырылса, «Қазақ күресінің» абсолюттік чемпионы атағын Матвей Абрамкин қанжығасына байлады.
Бұл турнирдің ерекшелігі – сайысқа қатысқан самбошылардан бөлек, оларды осы спорт түріне әкеліп, жол көрсеткен ата-аналары да марапатқа ие болды. «Жас динамошылардың» спорттық өміріне белсене атсалысқаны үшін Қостанай облысының спорттық самбо күресі мен жауынгерлік самбо федерациясының президенті Нұржан Ермағамбетовтің Алғыс хатымен Алла Быкова, Анастасия Рыбинская, Юлия Бакулина, Айжан Клешева, Нұржан Тілеуғалеев, Алмат Сағындықұлы, Қайрат Айтуаров марапатталды.
Турнир соныңда ұйымдастырушылар қатысушыларды, қонақтарды, ата-аналарды, бапкерлерді жаңа 2019 жылмен шын жүрекпен құттықтап, жағымды жаңалықтар мен толағай табыс мол болсын!

Аслан АЛШАНОВ, Қостанай облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*