Із кескен ісмерлер

Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің криминалистері 6 мыңнан астам зерттеу жүргізді.
Полиция жұмысында Жедел-криминалистикалық басқармасы қызметкерлерінің орны ерекше. Олардың қатысуынсыз бірде-бір тергеу жүргізілмейді.
«Өткен жылы оқиға орнын қарау үшін біздің қызметкерлер оқиға орнына 4,5 мыңнан астам рет шықты, – дейді облыстық Полиция департаментінің ЖКБ бастығы, полиция полковнигі Игорь Семенов. – 2533 қол ізі, 2040 трассологиялық, 207 одорологиялық із, 287 микробөлшек алынды».
Дактилоскопиядан кейін ауқымды жұмыс көлемі трассологияға тиесілі. Бұнда барлық із түрлері – аяқ киім, көлік құралдары, бұзу құралдарының іздері және тағы басқалары зерттеледі. «Бірде қылмыскерді жерде қалған тізесінің, яғни матаның ізі бойынша күдіктінің шалбарының матасымен сәйкестендіру арқылы анықтау мүмкін болды, – дейді Игорь Семенов. – Көбінесе аяқ киім іздерімен жұмыс істейміз. Мысалы, аяқ киім іздері вокзал ауданында және Жұмысшы кентінде жасалған бірнеше ұрлыққа қатысы бар 30 жастағы қала тұрғынын анықтауға септігін тигізді. Бұдан бұрын ұқсас қылмыстар үшін сотталған қаскөй жер үйлерге кіріп, ақшаны қолды қылған. Ол Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлімі «Ұрлық» бойынша сотталды. Оның аяқ киімінің іздері ең маңызды дәлелдердің бірі болды».
Іздермен жұмыс істеуде арнайы білім мен шыңдалған дағдылар қажет. Із қалған жердің жағдайы өте маңызды. Гипстан бедерді жасауға немесе ізді дактопластинаға көшіру мүмкін болмаған жағдайда ізді суретке түсіреді. Тіпті бұл әрекетті жасау үшін асқан дәлдік қажет – сотта сурет аз ғана бұзылатын болса, яғни суретке жарық дұрыс түспей, бейне бұрмаланып кетсе, дәлел жарамай қалады.
Криминалистер «көрінбейтін іздермен» де жұмыс жасайды. «Көрінбейтін іздер» арнайы құралдар арқылы анықталады және анықтаған кезде қылмыскер жасаған әрекеттер тізбегін елестетіп, ең бірінші кезекте іздейтін жерлерді анықтау қажет. Мәселен, ЖКБ қызметкерлері өткен жылдың жаз мезгілінде жанар-жағармай құю бекетінде болған тонауды тергеген кезде көзге көрінбейтін аяқ киім іздерін анықтаған. Қылмыскер әшкереленіп, ҚК 191-бабы («Тонау») бойынша сотталды.
Жалпы жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысы ПД криминалистері 14447 жедел-іздестіру іс-шарасына және тергеу әрекеттеріне қатысты. 6205 криминалистикалық зерттеу, криминалистикалық есептер бойынша 5695 тексеріс жүргізді, 474 фоторобот жасады.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*