Армения елшісімен кездесті

Кеше Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов пен Арменияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Г. Галачянмен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар қылмыспен күрес, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті күзету саласындағы Қазақстан-армян ынтымақтастығының қазіргі жағдайы және болашағы туралы пікір алмасты.
Тараптар мүдделі бағыттар бойынша екіжақты іс-қимылдарды нығайтуға әзір екендіктерін мәлімдеді.
Кездесу өзара түсіністік және конструктивті диалог түрінде өтті.

ІІМ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*