Тұрмыстық газға тиянақтылық қажет

8 қаңтарда Өңірлік коммуникация қызметі алаңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өтті. Республикалық және облыстық телеарналардың тілшілерімен кездесу тақырыбы Тұрғын үй секторында газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздікке арналды.
Спикерлер ретінде Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығының міндетін атқарушы Қ. Әлімқан және ТЖ алдын алу бөлімінің бастығы С. Сытник сөз сөйледі.
Ресей Федерациясының Магнитогорск қаласындағы көпқабатты тұрғын үйде газ жарылысынан болған қайғылы оқиғадан кейін мемлекеттік өрт бақылау инспекторлары жергілікті атқарушы билік органдарымен бірлесіп тұрмыстық газ пайдаланылатын тұрғын үй секторы бойынша тексерулер мен рейдтерді қайта бастады.
Спикерлер 2018 жылы өңір аумағында газ-ауа қоспасының жарылуы мен тұтануының 4 оқиғасы тіркелді, онда бір адам қаза болды және 3 адам зардап шекті. Осындай жағдай 2017 жылы да байқалды.
«Газды қолдану кезіндегі өрттердің басым бөлігі газ плиталары мен баллондарды дұрыс пайдаланбау салдарынан орын алады», – деп атап өтті спикерлер. Газ баллондарын халыққа сататын фирмалар негізінен газ баллондарын оларды орнатпай және газ плиталарына техникалық қызмет көрсетпей сатуды жүргізеді. Сондықтан да пәтерлерде газ баллондары мен плиталарын дұрыс пайдаланбағаны үшін үй иелері жауапты болады. Сөз сөйлеушілер тұрғын үй секторында газды орнату және пайдалану кезіндегі негізгі ережелерді егжей-тегжейлі түсіндірді.
Баллон – қауіпті қысыммен тұратын ыдыс. Оларға артық қысым мен бекіту арматурасын сынаудан өтуі бойынша талаптар бар және бұл ережелерді көбінесе кейбір азаматтар елемейді.
Пайдаланушылардың көпшілігі, баллондарды автомобильді газбен толтыру стансаларында толтыруды жүзеге асырады, бұл ретте негізгі талап сақталмайды: егер қатаң белгіленген көлемнен көп болса, баллонның жарылуы мүмкін.
Газ баллондарын толтыру мен сатып алуды тек мамандандырылған газ толтыру стансаларында ғана жүзеге асыру, үй-жайларды жылыту үшін газды пайдаланбау, ыстық сумен баллондарды қыздырмау, пәтерлерде, үйлерде немесе жертөлелерде бірнеше данасын қатарынан сақтамау туралы айтылды. Газдың иісі анықталған кезде электр аспаптарын, жарықты және ұшқын мен от көздерін пайдаланбау, үй-жайды желдету шараларын қолдану қажет.

Павлодар облысы ТЖД
ТЖ алдын алу бөлімі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*