Қар құрсауынан құтқарды

2019 жыл басталғалы бері Батыс Қазақстан облысы ТЖД күштері арқылы қар құрсауынан 84 машина эвакуацияланды.
Биылғы 5 қаңтарда облыста бұрқасын жел туралы ескерту жарияланды. Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті жолдардың жабылатыны, бұрқасын желді алдын ала ескерту туралы хабардар ету бойынша белсенді жұмыс жүргізілді.
2019 жылдың басынан Батыс Қазақстан облысы ТЖД Бірыңғай жедел-құтқару қызметі басқармасы халыққа 21 СМС хабарлама жіберді, оның 1-і қатты желді алдын ала ескерту және 20-сы жолдарды жабу бойынша. Бірақ, өкінішке қарай, автокөлік жүргізушілерінің барлығы бірдей құтқарушылардың үндеуіне құлақ аса бермейді, нәтижесінде түрлі жағдайлар орын алды.
Мәселен, 2019 жылдың басында облыстық ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 84 машинаны эвакуациялап, 137 адамды құтқарды, құтқарылғандардың 14-і бала.

Батыс Қазақстан облысы
ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*