Қылмысқа қарсы құрық

Демалыс күндері қарсаңында петропавлдық тәртіп сақшылары бірқатар кешкілік профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізді. Рейдтер барысында маскүнемдікке салынғандар мен есепте тұрған адамдар арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға көңіл бөлінді.
Облыстық және қалалық полиция ведомстволарының 60-тан астам қызметкері 19 топқа бөлініп, Петропавл қаласындағы көшелерде, аулаларда, жатақханалар мен ащы суды саудалайтын орындар иелерінің рұқсат құжаттарын тексерді. Жатақханалар тұрғындарымен әңгімелесулер жүргізіліп, жасалатын құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда бірден шара қабылдау қажеттігі туралы айтылды. Сонымен бірге, учаскелік полиция инспекторларының байланыс нөмірлері көрсетілген визиткалар таратылды. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар жеке жоспар бойынша жұмыстар жүргізді.
Солтүстік Қазақстан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Айдын Байматовтың айтуынша, жалпы рейдтердің нәтижелері бойынша 74 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың 35-і – Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе құжатсыз тұру, 13-і – қоғамдық орындарда темекі шегу фактілері. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктер ішкені үшін 11 әкімшілік хаттама толтырылған. Облыстық Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы айтып өткендей, осы сияқты рейдтер алдағы уақытта жалғасатын болады.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*