Қардан жасалған көлік

Қылышын сүйретіп қыс келді. Жаңа жылдық мерекелер де өтті. Мұндай уақытта өрт сөндірушілердің жұмысы – адамдарды тілсіз жаудан қорғап, өрттерді сөндіру. Өз міндеттерін атқара отырып олар да туған қаламыз Оралдың көркеюіне өз үлестерін қосуға тырысады.
Жуырда өрт сөндірушілер қардан ZIL-131 AT-40 автокөлігінің көшірмесін жасады. №1 Апаттық құтқару бөлімі күзетінің бастығы, азаматтық қорғау лейтенанты Дархан Азаматовтың айтуынша, ерекше автокөлікті жасауға азаматтық қорғау кіші сержанты Алишер Құттығали бастамашы болыпты, ал оған бөлімшенің командирі Валерий Сидельников белсенді көмек көрсеткен.
– Бұл жұмысты 31 желтоқсанда бастадық, ал 2 күн өткеннен кейін бояу жұмыстарын жүргіздік, – дейді Д. Азаматов.
Ізгі бастамаға №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің басшылығы да көмектесті, қардан жасалған туындыны әрлеуге атсалысқан.

Ж. ҚҰСАЙЫНОВ, Батыс Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*