Келешек – жалынды жастардікі

Алтын күздің шұғыласындай көпұлтты қазақ елінің жүрегіне жылылық сыйлаған Елбасымыздың кезекті Жолдауын біз, 5517 әскери бөлімнің жеке құрамы сүйсініп отырып теледидардан тамашаладық.
Жолдаудың мән-маңызы ерекше. Тарихи құжат елдің бүгіні мен болашағын айқындап бергендей. Әсіресе, Елбасы назарына әркез жас буын – жастарға қажетті бағдармалар мен бастамаларды ұсынды. 2019 жылды «Жастар жылы» деп бекітті.
Жалынды жастар алаңсыз білім алып, еңбек етіп, өмір сүргенді армандайды. Сол үшін де бүгінгі таңда қай салада болмасын жастарға арналған кешенді бағдарламалар оң нәтижесін беруде. Ал биыл бұл жұмыстар ұтымды жалғасын тауып, мемлекет тарапынан көрсетілетін мүмкіндіктер мен қолдау күшейеді деп сенемін.
Осы орайда, біздің 5517 әскери бөлімнің жастары, яғни сарбаздары да Елбасының Жолдауын бір кісідей қолдап-қуаттайды! Сондықтан біз, Отан алдындағы әскери борышымызды адал абыроймен атқаруға барша күш-жігерімізді салудамыз.
Өз басым бұйырса биыл желтоқсан айында Отан алдындағы әскери борышымде өтеп, елге оралып, өз мамандығым бойынша жаңаша еңбек етіп, қажыр мен қайратымды, білімімді жарқын іске, жақсы бастамаларға арнайтын боламын.
Сөз соңында айтарым, жастар еңбек жолына түскенде ғана қоғамын өрге бастыра алады. Отаншыл жастары болмаған елдiң болашағы қараңғы. Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты – жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа», – дейдi Елбасы бiр сөзiнде. Сондықтан біз, жастар, егемен еліміздің ұлы мұрат жолында жалынды еңбек етуге даярмыз.

Абылай БЕРДІ, Орал қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*