«Көршілер бақылауы» – қылмысқа тосқауыл

Солтүстік Қазақстан облысында 932 құқық бұзушыны «Көршілер бақылауы» профилактикалық бағдарламасы тобының полицейлері жауапкершілікке тартты.
2018 жылы «Көршілер бақылауы» профилактикалық бағдарламасының тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефонына 2 мыңнан астам хабарлама келіп түскен. Олардың жартысына жуығы – тәртіп сақшылары хаттама толтырған әкімшілік құқық бұзушылықтар.
«Көршілер бақылауы» профилактикалық бағдарламасының 8 (715-2) 61-20-02 сенім телефонына келіп түскен қоңыраулар тәулік бойы қабылданады. Кез келген қала тұрғыны өзінің ауласында не болмаса көшесінде болып жатқан күдікті жағдайлар туралы хабар бере алады. Өткен жылы осындай қоңыраулар арқылы 23 қылмыс ашылды. 932 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың ішінде көш бастап тұрғандары – белгіленбеген орындарда сауда жүргізу, абаттандыру ережелерінің бұзушылықтары, сондай-ақ, иттер мен мысықтарды бағып-қағу және серуенге шығару ережелерін бұзу оқиғалары. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басты куәландыратын құжатсыз тұрғаны үшін 114 әкімшілік хаттама толтырылды. Сенім телефонына келіп түскен 2149 қоңыраудың 135-інде фактілер расталмаған.
«Көршілер бақылауы» профилактикалық бағдарламасы облыс орталығында 2011 жылдан жұмыс істейді. Аталған бағдарламаның мәні – бейжай қарамайтын азаматтармен бірлесіп, өз үйлерінде және көшелерде қылмыстардың, құқық бұзушылықтардың уақытылы жолын кесу болып табылады. «Көршілер бақылауының» сенім телефоны тәулік бойы жұмыс істейді. Егер сіз жасалып жатқан қылмыстың немесе құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, кез келген уақытта жасырын түрде хабарласып, хабарлай аласыз», – деп атап өтті Петропавл қаласы Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жандос Мұқатов.
Ұсақ құқық бұзушылықтарды болдырмаудан бөлек, профилактикалық топтың қызметкерлері заңсыз алкогольдік өнімдерді сату нүктелерін анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды үнемі өткізіп тұрады. Келіп түскен хабарламаларды тексеру барысында ішімдікке салынуды және тұрмыста туындайтын құқық бұзушылықтарды жасауды болдырмау туралы профилактикалық әңгімелесулер жүргізіледі. Сонымен қатар, өткен жылы «Көршілер бақылауының» учаскелік инспекторлары ПИК төрағаларымен өткізілген кездесулерге және әңгімелесулерге 725 рет қатысқан. Аулаларда және көшелерде қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында тәртіп сақшылары қала тұрғындарын қоғамдық белсенділік танытып, аталған бағдарламаның 8 (715-2) 61-20-02 сенім телефонын жиі қолдануға шақырады.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*