«Отанға хат»

Тәрбие жұмысын пысықтау мақсатында Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі «Отанға хат» акциясын өткізді.
Кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлері Өрт сөндіру қызметінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Т. Жұмабаевтың атынан ІІМ ТЖК КТИ-дың 2017-2018 жж. түлектері, ерекше көзге түскен жас офицерлердің, атап айтқанда А. Ботан, Д. Қадырбеков, Ә. Болатов, Д. Елеуов, Ә. Қайыр, М. Мұратовтың ата-аналарын құттықтады және ізгі тілектерін білдіре отырып, алғыс хаттарын табыстады.
Алғыс хатта Өрт сөндіру қызметінің бастығы Т. Жұмабаев ата-аналарға өз жұмысын адал және абыроймен атқарып жүрген, көмек көрсетуге әрдайым дайын, қайырымды қызметкерлерді тәрбиелегені үшін алғысын білдірді.

Астана қаласы ТЖД ӨСжАҚЖҚ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*