Академия басшысы сайланды

Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясының жеке құрамына оқу орнының жаңа басшысы, полиция полковнигі Ақынқали Дәрменовті таныстырды.
Ақынқали Дәуітбайұлы 1978 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. ІІМ Алматы заң институтының түлегі. ІІМ Академиясының адъюнктурасын тәмамдаған, заң ғылымдарының кандидаты.
2008 жылы Германиядағы Дж.К. Маршалл атындағы Еуропаның қауіпсіздік мәселелері жөніндегі зерттеу орталығында білім алса, 2012 жылы «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасымен Ұлыбританиядағы Кембридж университетін бітірді.
А.Д. Дәрменов ғылыми-оқытушылық салада көп тәжірибе жинақтаған, қатардағы тергеушіден ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығына дейінгі қызмет жолын жүріп өткен.
Бұған дейін Академия бастығы лауазымында болған полиция генерал-майоры Д.Т. Кенжетаев ішкі істер органдарынан шығарылды.

ІІМ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*