Әріптестер лебізі

Жуырда Тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен Академия қабырғасында айтулы, есте қалар қоштасу іс-шарасы өтті. Бұл іс-шара зейнетке шығатын Академияның қызметкерлеріне арналды.
Әрине, өзінің қызметтік міндеттерін қатардағы қызметшіден полковник шеніне дейін бұлжытпай орындаған әріптестерге Академияның жеке құрамы үлкен қошемет көрсетіп, іс-шараны мүмкіндігінше қызықты, есте қаларлықтай етіп жасауға тырысты.
Іс-шараның басында Академия бастығы, полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов сөз сөйлеп, зейнетке шығатын қызметкерлерге алғыс айтып, ризашылығын білдіріп, «Шырақбек Қабылбаев» төсбелгісімен, грамоталармен, алғыс хаттармен марапаттады.
Бұл іс-шарада Тілдер кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Ербол Деріпсалдин, Академияның домбырашылар ансамблінің жетекшісі Қалибек Деріпсалдин және Үрмелі аспаптар оркестрінің жетекшісі, полиция майоры Тимур Тулубаев әсем әндерін арнады.
Зейнетке шығатын қызметкерлердің атынан отставкадағы полиция полковнигі Андрей Брылевский және Әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының бастығы, полиция полковнигі Дәурен Тойматаев сөз сөйлеп, Академия басшылығына, жеке құрамына, өздері әр жылдарда қызмет жасаған бөліністер мен кафедралар қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Е. КІШКЕНТАЕВ, Қостанай қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*