Цифрландыру қауіпсіздік сапасын арттырады

ТЖ қаупі туралы халықты хабардар ету жүйесін цифрландыру кез келген төтенше оқиғаның алдын алу және оларды жою жөніндегі шұғыл шараларды тез және жедел қабылдауға мүмкіндік береді.
Қазіргі заман тек өндірістік процестерде ғана емес, сонымен қатар азаматтардың күнделікті өмірінде де заманауи IT-технологияларды енгізуді көбірек талап етеді. Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауларында, мемлекеттің одан әрі дамуы бойынша сөйлеген сөздерінде экономиканың дәстүрлі салаларының сандық өзгеруіне, адами капиталды дамытуға, мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыруға, цифрлық инфрақұрылымды дамытуға негізгі назарын аударды.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде азаматтық қорғау жүйесінде бірқатар жоба енгізілуде.
Қазіргі заманғы технологияларды пайдалану оқиғалар туралы хабарламаларды жедел қабылдауға, қысқа мерзімде адамдарды құтқару және зиянды азайту үшін күштер мен құралдарды жіберуге, төтенше жағдайлар қаупі және туындауы кезінде болжау мен мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі базасында бірқатар инновациялық жоба жүзеге асырылуда. Олардың бірі бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді және өзін табысты бағдарлама ретінде көрсетті.
Объектіні өрт мониторингі қызметіне қосқан кезде өрт дабылы туралы сигнал автоматты түрде «101» кезекшісінің пультіне беріледі, бұл өртті сөндіру басталғанға дейін уақытты барынша қысқартуға, өрттен келген залалды айтарлықтай азайтуға және адамдардың өмірін құтқаруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда жоба облыстың 200-ден астам әлеуметтік маңызды нысанын қамтиды.
Ресейлік әріптестермен жемісті ынтымақтастықтың нәтижесінде Павлодар қаласының күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының жұмысына су көздерінің электронды планшетін енгізу қолға алынды. Ол жақын арадағы су көздерін және олардың сипаттамаларын санаулы секундта анықтауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта осы жоба негізінде Павлодар қаласындағы нысандар туралы барлық ақпаратты жүйелендіру және цифрландыру жоспарлануда.
Төтенше жағдайлар департаменті Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі базасында апаттар мен апат кезінде шұғыл шақыруды бағдарламалық қамтамасыз ету тетігі орнатылған және тестілік режимде жұмыс істейді. «Авак» жүйесі апат кезінде зардап шеккендердің өмірін құтқаруға арналған және төтенше қызметтердің барынша жылдам әрекет етуін қамтамасыз етеді. Бұл төтенше жағдай орнына жедел жәрдемнің келу уақытын 30%-ға қысқартуға мүмкіндік бермек.
Сонымен қатар, жыл сайын су тасқыны салдары мен дала және орман өрттерінен келетін залалды азайту мақсатында жердің ғарыштық мониторингі жүргізіледі.
Келешекте облыстың Полиция департаментімен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бейнебақылау бойынша бірлескен жобаларды іске асыру қарастырылған.
Сондай-ақ, жақын арада «112 қызметін» құтқару қызметінің автоматтандырылған бірыңғай телефон жүйесіне енгізу жоспарлануда. Ол кез келген оқиға, өрт, қылмыс немесе медициналық көмек көрсету болсын барлық шұғыл қоңырау шалуға мүмкіндік береді. Қызмет диспетчері қоңырауды қабылдайды және шұғыл қызметтердің барлық қажетті күштері мен құралдарын өзі жібереді. Мұндай алгоритм әлемнің көптеген елдерінде қолданылады. Қазіргі таңда Қызылорда қаласында пилоттық жоба іске асырылуда.
Бүгінде сандық технологияларды пайдалану адамдардың өлімін, олардың денсаулығына зиян келтіруді қысқартуға, төтенше жағдайлардың салдарын азайтуға мүмкіндік береді. Жаһандық цифрландыру – бұл қауіпсіздік пен азаматтардың ертеңгі өмір сүру сапасын жақсартудың кепілі.

Асқарбек ОМАРОВ,
Павлодар облысы ТЖД
Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің бастығы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*