Түйгені мол тәлімгері

Өткен 2018 жылы ІІМ-нің Ақпараттық-аналитикалық бөліністерінің құрылуына 100 жыл толғаны белгілі. Қостанай стансасындағы Полиция желілік бөлімі ақпараттық-аналитикалық тобының инспекторы, полиция майоры Наталья Федотова ақпараттық-аналитикалық бөліністерінде 15 жылдан аса қызмет атқарып келеді.
Наталья Александровнаның басты міндеті – күн сайын деректер базасын жаңартып, ақпараттар енгізіп, талдау жасау. Бұл жұмыс тиянақтылық пен еңбекті көп керек етіп, зейінділікті талап етеді.
Ақпаратық-аналитикалық орталықтың қызметкерлерін «жедел уәкілдердің бірінші көмекшілері» деп атайды. Аталған қызметтің түрі өте қызықты, бірнеше әдіс арқылы адамның темір жол арқылы жүруін, тұрғылықты жерін, соттылығын және басқа да мәліметтерін білуге болады.
Бүгінде мүдделі қызметтерді жедел ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Қостанай стансасындағы ІІЖБ-де автоматтандырылған жүйелер қызмет етеді. Олар тәулік бойы нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді (WEB-интерфейс, АРМ СДТБТ, WEB-СДТБТ, ҚР БП Ақпараттық сервис АІЖ).
Полиция майоры Н. Федотова әрбір қылмысқа бақылау жүргізеді, оның басталуын, тіркелуін, кейін қылмыс іс қандай кезеңде болғанын бақылап отырады. Сондай-ақ, ол қылмыстық істің тергеу мерзімінің сақталуын қадағалайды, ІІМ Көліктегі ПД мен Қостанай облысының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Аймақтық көліктік басқармасы прокурорларымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.
Наталья Александровна адамдармен тіл табыса алады, талап қоя біледі, ілтипатты, қамқоршыл, білімді және керемет аспаз. Күнделікті өмірде ол мейрімді дос, жас қызметкерлерге – ұстаз және тәлімгер.

Қостанай стансасындағы ІІЖБ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*