«Спорт көшбасшысы» атанды

Спортпен айналысу, саламатты өмір салтын ұстану – азаматтық қорғау қызметкерлерінің негізгі міндеттерінің бірі. Өйткені, өрт сөндіруші-құтқарушылар әрқашан физикалық жағынан шыныққан, кез келген штаттан тыс жағдайда тез әрекет ету дағдысын меңгерген болуы тиіс. Жыл бойы Екібастұз гарнизонының жеке құрамы барлық спорттық іс-шараларға белсене қатысады.
Мәселен, Астананың 20 жылдығына және Павлодар облысының 80-жылдығына арналған Екібастұз қаласының құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарының командалары арасында өткен жазғы олимпиадалық, ұлттық және халықтық спорт түрлері бойынша VІ қалалық кешенді спартакиадада №14-МӨСБ және №32-ӨСБ жеке құрамы жалпыкомандалық 1-орынды иеленді.
Біздің қызметкерлер бұл спартакиаданы үшінші рет қатарынан ұтып отыр. Сонымен қатар, №14-МӨСБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Думан Қыдырмоллаев Екібастұз қаласы әкімінің «Спорт көшбасшысы» номинациясы бойынша грамотасын иеленді.
Спартакиаданың жабылуын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары, полковник Ж. Солтанбеков жүргізді және біздің қызметкерлерге белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіріп, Екібастұз қаласы әкімінің дипломын, кубок және бағалы сыйлық табыс етті.

К. ЖҰМАБАЙ, Павлодар облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*