Өрт сөндіргіш өмірді сақтайды

Павлодар қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері үшін өрт сөндіргішті қалай дұрыс пайдалану керектігі жөнінде шеберлік сабағын өткізді.
ЖОО студенттеріне, егер денсаулыққа және өмірге қауіпті жағдай туындаса, қалай әрекет ету керек екенін айтты. Әр студент алғашқы өрт сөндіру құралын қолға ұстап, қолдануға тырысты. Содан кейін студенттер инспекторларға өрт сөндіргіштер орналасқан ғимарат пен апаттық шығу жолдарын өздері айтып, көрсетті.
Қалалық ТЖ басқармасының мамандары тұрақты негізде адамдар көп жиналатын объектілерде алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану, адамдарды эвакуациялау бойынша теориялық және практикалық сабақтар жүргізеді.
Өрт сөндіргіштерді қолдану бойынша нұсқаудан кейін адамдарды эвакуациялау бойынша жаттығу өтті. Мақсат – мекеме қызметкерлері мен студенттердің өрт пайда болған кездегі іс-әрекеттерін пысықтау.
Сондай-ақ, ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтытуралы бейнеролик көрсетіліп, институтқа оқуға түсу туралы толық ақпарат берілді. Азаматтық қорғау қызметкерлері қойылған сұрақтарға толық жауап берді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Жапар РЫМБЕК, Павлодар қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*