Есте қалар ерекше шара

Мереке қарсаңында Қызылорда облысы ТЖД-де есте қалар қайырымдылық шара ұйымдастырылды.
Қызылорда облысы ТЖД мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы ұсынған көпбалалы аналар Эльмира Айтбаева мен Орынша Мұсаеваға және Қызылорда облысы ТЖД жұмысшысы, тұрғын үйі өртеніп кеткен Сандуғаш Құрманбаеваға 30 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетілді және мерекелік сыйлықтар берілді.
Олар көрсетілген көмек үшін алғыстарын білдірді. Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы тарапынан жасалған қайырымдылық іс-шарасында департамент бастығының орынбасары С. Молдақараев пен департамент бастығының кеңесшісі Т. Ботабаев қатысушыларға ізгі лебізін жеткізді.

Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*