Шаттық кернеген шырша кеші

Облыстық Полиция департаментінің басшылығы қызметкерлердің балалары үшін жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырды.
Шараға Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының шығармашылық ұжымы қолдау көрсетті. 200 бүлдіршін қосылып ән шырқап, шыршаны айналды.
Кәсіби актерлар аниматорлардың рөліне еніп, қазіргі мульфильмдер кейіпкерлері мен сайқымазақтардың қызықты саяхаты көрсетілетін сиқырлы ертегі ұйымдастырды. Ертегіде әдеттегідей жақсылық жеңіп, Аяз ата шыршаның шамдарын жақты. Мұны көрген балалар қуанып қалды. Тергеушілер мен жедел уәкілдер өздерінің балаларымен мұндай мерекелерде әрдайым бола бермейді. Сондықтан олар бүлдіршіндеріне көңілді мереке тарту ету үшін бұл күні қызметтерінен босатылды.
Солтүстік Қазақстан облысы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қапез Дәулетбаевтың айтуынша, жаңа жылдық ертеңгілік облыстық орыс драма театрында бірнеше жыл қатарынан өтіп келеді. Қатты аязға қарамастан, мерекеге 200-ден астам бүлдіршін жиналды. Кішкентай аяз аталар, роботтар, ақшақарлар мен мультфильмдер кейіпкерлері болып киінген балалар көздің жауын алды.
«Шыршада жыл сайын боламыз. Өзім бүгін немерелерімді ертіп келіп отырмын. Осындай жақсы мереке ұйымдастырғаны үшін өте қуаныштымын», – дейді Әсия Өсіпова. Ал жуырда қалалық мәдениет үйінде қалалық полиция басқармасы қызметкерлерінің балалары үшін мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Қаржылық қамтамасыз ету басқармасының қызметкерлері департамент басшылығының тапсырмасы бойынша полиция қызметкерлерінің 2 мен 10 жас арлығындағы балалары үшін тәтті сыйлықтар салынған жаңа жылдық қапшықтар тарту етті.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*